28 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің бұйрығы  №170 

452 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
2015 жылғы 3 сәуір, Астана қаласы «Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы: 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын; 2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялау үшін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын; 3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын. 3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін. 4. Бұйрық оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі И.ТАСМАҒАМБЕТОВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев 2015 жылғы 28 мамыр Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №170 бұйрығымен бекітілген «Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке құжаттар қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге (өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметтің мерзіміне кірмейді) өтініш берген кезде: 1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 2 (екі) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды; 3) көрсетілетін қызмет алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағазда. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға әскери-оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқытудың аяқталуы туралы сертификат беру болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысын ұсыну нысаны: қағазда. 7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үшін әскери-оқытылған резерв бағдарламасы бойынша даярлау құны есептегенге сәйкес оқыту үшін 263 318 теңгені құрайды. Оқыту үшін төлем қолма-қол және қолма-қолсыз екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы іске асырылады. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжат (жеке басын растау үшін); 3) әскери құжат (әскери есепке тиесілілімгін айқындау үшін тіркеу куәлігі немесе әскери билет); 4) білімі туралы құжаттың көшірмесі; 5) соттылығының жоқтығы туралы анықтама. 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану жазбаша түрде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында көрсетілген www.mod.gov.kz. мекенжайы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің басшысы атына беріледі. Шағым жазбаша түрде пошта арқылы немесе жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды. Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнінің бас әріптері, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жолданады немесе кеңсесінде қолма-қол беріледі. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар 12. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету бойынша анықтамалық орталықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бірыңғай байланыс орталықтары арқылы алуына мүмкіндігі бар. 13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Қашықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі көзделмеген. 14. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік органдардың бірыңғай байланыс орталығының (1414) телефоны арқылы алуға болады. «Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша Нысан _____________________________________________ __________________________________ бастығына _____________________________________________ мекенжай бойынша тұрып жатқан _____________________________________________ (Т.А.Ә. әкесінің аты бар болған кезде) тел.__________________________________________ Өтініш Мені «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалына түсу үшін кандидат ретінде тіркеуіңізді сұраймын. Мынадай құжаттарды қоса беремін: _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ Күні __________________ Қолы ______________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 2 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11536 болып енгізілді.